$452.12 €508.95 ₽5.41

Атырауда қамыс өрті әлі сөнбеді

Атырауда қамыс өрті әлі сөнбеді
ТЖМ

Атырау облысының Қызылқоға ауданында кеше түнде басталған қамыс өрті әлі сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Astana TV. 

Өрт аумағы шамамен 7 гектарды құрайды. Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан шамамен 13 шақырым қашықтықтағы ашық аумақта қамыс өртенген.

Қазіргі уақытта өрттің 5 гектары сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 34 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Оның ішінде трактор, жүк тиегіш және өрт сөндіру модулі бар.

— Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмысы жалғасуда, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.