$452.59 €507.67 ₽5.48

Екі адам қаза тауып, он адам ауруханаға түсті

AstanaTV
19.10.2026ж. 19:00
Екі адам қаза тауып, он адам ауруханаға түсті

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, он адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан шағын автобус өзімен бір бағытта қозғалыстағы жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Апат салдарынан екі адам сол жерде көз жұмды, шағын автобустың тағы он жолаушысы ауруханаға жеткізілді. 

ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.