Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

ЖСДП сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
3211
ЖСДП сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері де сайлаушылармен алғашқы кездесуін өткізді. Партияның саяси тұғырнамасы таныстырылды. Алматыдағы кездесуде сайлаушылар саяси додаға ЖСДП атынан қанша үміткер ұсынылғаны жайлы мағлұмат алды. Сайлауалды науқанға жалпы қанша партия қатысатыны туралы да айтылды.

Партия өкілдерінің мәліметіне сай, сайлауалды бағдарламада бірнеше сала қамтылған. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, кәсіподақтар жұмысы, руханият пен жергілікті басқару жүйесі бар. Кездесуде партия мүшелері  жоспарларының ауқымды екенін айта келе, сайлауалды үгіт-насихат кезінде халыққа өз бағдарламаларының негізгі тармақтарын түсіндіретінін жеткізді.

ЖСДП белсенділері, үгіт-насихат кезінде аймақтарда партия өкілдерінен құралған арнайы топтар жұмыс істейтін болады, деді. Олардың негізгі міндеті - сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру. Партия мүшелері тек қалада ғана емес, ауылдарда да түрлі басқосулар өткізіп, жастардың қатысуымен үгіт-насихат шаралары мен флэшмобтар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Тазабек Сәмбетбай, ЖСДП Алматы қалалық филиалы төрағасы:

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бүгінде өзінің сайлауалды бағдарламасын презентация жасап, алдағы жоспарларын негіздеді. Негізі мақсаттарды айқындады. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бүкіл Қазақстан аумағында, барлық облыс орталықтарында, барлық аудан орталықтарында және басқа да аумақтық жерлерде өзінің науқанға байланысты іс-шараларын дайындап отыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА