Қызылжарда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп, салдарынан екеуі көз жұмды. Ер адамдар қоқыстан белгісіз бөтелкені тауып алып, оның ішіндегіні ішкен. Артынша үшеуінің демі тарылып, мазасы кеткен. Бірнеше сағаттан кейін олар қалалық ауруханаға түсіпті. Алдымен 52 жастағы науқас көз жұмған, араға үш күн салып, 48 жастағы екінші ер адам дүние салды. Ал үшіншісі қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қазір жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 75 жастағы ер адам ауруханада жатыр. Масан күйде түсті. Түсу уақытында енді айтулары бойынша түскі уақытта ішкен, бірақ аураханаға кешкі сағат 5 пен 6 арасында жеткізілді. Әлсіреу бар, бас айналу, маңындағы адамдарды танымау, құсу секілді белгілер болған.