Ақ жаулық ананың жылулығын, кимешек әженің өнесін айқындайды. Бұл- ұлтымыз үшін жай ғана баскиім емес. Қазақ әйелінің өмір жолын, отбасындағы рөлін айшықтап беретін мәдени мұра. Қызылордалық аналар «Ақ жаулықтан ақ кимешекке дейін» фестивалінде оны жастарға насихаттаудың керемет үлгісін ұсынды. Кимешектің сыртынан оралатын күндік баскиімін 21 метрлік ақ матамен орау рәсімін көрсетілді. Ұмыт бола бастаған дәстүр дәріптеліп, мәні түсіндірілді.
АЗИЗА АРЗЫМБЕТОВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ:
Кимешектің етегінің ұзыдығы, күндіктің биіктігімен бәйбішелердің сән-салтанатын бағалайтын болған. Күндігі неғұрлым биік болып, кимешектіңетегі өте төмен болып етекке дейін баратын болса, оны әйлетті билеп отырған өскен-қнген әулеттің бәбішесі деп санаған.
Республика күніне орай «Анаға тағзым» орталығының бастамасымен ұйымдастырылған шара көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Бұл қазақ әйелінің дәстүрлі келбетін танытып, ұрпақтар сабақтастығын көрсетті дейді қатысушылар. 200-ге жуық ана қаладағы «Сыр ана» монументінен бастап «Анаға тағзым» орталығына дейін жаяу жүріп өтіп.