$452.59 €507.67 ₽5.48

Алматыда 500-ге жуық жас көк туды желбіретіп, Әнұранды бірге шырқады

AstanaTV
20.10.2026ж. 19:00
Алматыда 500-ге жуық жас көк туды желбіретіп, Әнұранды бірге шырқады

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында Республика күніне орай 500-ге жуық жас көк туды желбіретіп, Әнұранды бірге шырқады.«Менің елім - менің туым» атты патриоттық акцияға «Әділет» партиясының жас белсенділері мен колледж студенттері, қала жастары жиналды. Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған бастама жастарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, ел тарихы мен тәуелсіздіктің маңызын дәріптеуге бағытталды.  

 АЙДАР КҮНТУБАЙ - "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы іс-шараның мақсаты - мына жастарымыздың арасында, біздің отандастарымыздың арасында патриоттық сезімді ояту. Бүгінгі енді іс-шарамызға 500-ден астам жас жұмылдырылды. Енді қазір біздің жастарымыздың ортасында әрқашан осындай идеологиялық бағытта біз жұмыстарымызды жетілдіріп, насихаттауымыз керек.