$450.69 €505.04 ₽5.45

Қостанайда бір түнде екі көлік ұрлаған үш күдікті ұсталды

Қостанайда бір түнде екі көлік ұрлаған үш күдікті ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Алдымен ГАЗ көлігін айдап әкеткен күдіктілер жол апатына түскеннен кейін тағы бір Audi көлігін заңсыз иеленген,  деп хабарлайды Astana TV. 

Қостанайда бір түнде екі автокөлікті заңсыз айдап әкетуге қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғын анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер алкогольдік масаң күйде алдын ала сөз байласып, алдымен ГАЗ-33023 көлігін айдап кеткен. Кейін жол апатына ұшырағанына қарамастан, әрекеттерін жалғастырып, қаланың солтүстік бөлігінен Audi көлігін де заңсыз иеленген болуы мүмкін.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция үш күдіктінің барлығын анықтады. Audi көлігін басқарған адам мас күйде көлік жүргізгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Қазір көліктерді заңсыз иелену фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.