Ақтөбеде шетелден жеткізілген сүт өнімдері мен құс етінен қауіпті бактериялар табылды. Бұл жөнінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері хабарлады. Мамандар сырттан келетін 45 түрлі сүт өнімдері мен 18 құс етінен сынама алған. 38 пайызында техникалық регламент сақталмағаны белгілі болды. Ресей, Беларусь және Франциядан келетін өнімдердің 37,5 пайызынан ішек таяқшасы тобындағы бактериялар анықталды. Ал 62,5 пайызында майдың массалық үлесі, май-қышқыл құрамы мен таңбалауда қателіктер жіберілген. Сауда сөрелеріндегі қауіпті тағамдар сатылымнан алынды. Сондай-ақ бес кәсіпкерлік нысанға 460 мың теңге айыппұл салынған.
Гүлбану Дәулетова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:
Ішек таяқшалары тобына жататын бактериялар. Жалпы бактериялармен ластануы анықталды. Сонымен қатар сальмонелла энтеритидисі анықталды. Қазіргі таңда адамдарды тағамнан улану фактілерінен сақтау мақсатында осындай мониторинг жүргізудеміз.
Ақтөбе
қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, сауда сөрелеріндегі құс етінің 10,
ал сүт өнімдерінің 30 пайызы шет елдерден тасымалданады. Санитар мамандар
арнайы кестеге сай отандық өнімдерді тексеруді де жоспарлап отыр.