$450.69 €505.04 ₽5.45

Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» патриоттық акциясы өтті

Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» патриоттық акциясы өтті

Жастар патриоттық рух сыйлайтын «Көк тудың желбірегені» әнін бір мезетте қосыла шырқады. Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» патриоттық акциясы өтті. Салтанатты шараға оқу орнының 300-ге жуық белсенді студенті қатысып, мерекелік челленджді қолдау арқылы жоғары ұлттық рух пен отансүйгіштік үлгісін көрсетті.   Республикалық деңгейде бастау алған бұл челлендж өңірлер арасындағы жастар эстафетасы ретінде жалғасын табуда. Аталмыш университеттің студенттері бұл эстафетаны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен ресми түрде қабылдады. 

САЯН НҰРМАҒАНБЕТ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕКАН ОРЫНБАСАРЫ:

Мұндай шараның берері біздің келешек жастарымызға патриоттық сезімді бойларына сіңіру. Бұйыртса осы челенджді Абай ұлттық университеті мен Халықаралық қазақ-түрік университетіне жолдаймыз.