Республика күні қарсаңында елордада «Қазақстан бейнесі: жастар көзқарасы» тақырыбында Jastar X диалог алаңы өтті. Жиында ұлттық бірегейлік, қоғамдық құндылықтар, цифрлық өзгерістер және қазіргі Қазақстанның бейнесін қалыптастырудағы жастардың рөлі талқыланды. Кездесуге IT-индустрия, бизнес, цифрлық медиа салаларының өкілдері, сарапшылар және белсенді жастар қатысты. Қатысушылар заманауи технологиялардың қоғамға ықпалы, жастардың жаңа мүмкіндіктері және ел дамуына бағытталған бастамалар туралы пікір алмасты.
НАЙЛА МҰХТАРҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, "ЖАСТАР" ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл ісшараның негізгі мақсаты - жастар болашақта өзін қалай көреді. Соны айқындау, талқылау, нақты шешімдер мен тың идеяларды іздеу.
Бүгінгі ісшара аясында "Тәуелсіздік ұрпақтары" байқауының жеңімпаздары өнімдерін жұртшылыққа ұсынып, жеткен жетістіктерімен бөлісетін болады.