Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Биыл шаруаларды қолдауға 27 миллиард теңге бөлінеді

AstanaTV
04.04.2018ж. 20:00
2700
Биыл шаруаларды қолдауға 27 миллиард теңге бөлінеді

Биыл шаруаларды қолдауға 27 миллиард теңге бөлінеді. Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру тақырыбы қамтылған брифингте "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" басқарма басшысы осылай деді.  Қаржыландыру несие қайтарымы мен қосымша қаражаттың бөлінуі есебінен ұлғайтылды. Бұған дейін шаруаларға шағын несие беру үшін 20 миллиард теңге бөлініп келген. Былтыр оған 6 мыңдай жоба қаржыландырылды.  60 пайызы старт-ап жобалар. Шаруашылықпен айналысқысы келгендер шағын несиені 6 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға дейін ала алады. Мал шаруашылығын бастағандарға 7 жылға дейін беріледі. Ал бөлінетін сома көлемі 8 мың айлық есептік көрсеткіш. Ол биылғы есеп бойынша 19 миллион 240 мың теңге. Қор басшысы кепілге қойылатын мүлікке талап жоғары емес деп отыр.

Жандар Омаров, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы:

Екінші деңгейлі банктер қала маңындадағы жер учаскелері мен ауыл шаруашылық жерлерін кепілге алмайды. Ал қорда мұндай шектеулер жоқ. Біз жылжитын, жылжымайтын мүлікті, үйлер мен нысандарды жылы мен қандай материалдан салынғанына қарамастан, кепілге аламыз. Биыл нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 26,7 миллиард теңге бөлмекпіз. 

Ал "ҚазАгроКепіл" компаниясы істі енді қолға алғандарға 85 пайыздық кепілдік бермек. Демек, кәсіпкердің қолында жобаға қажет қаржының 15 пайызы болуы тиіс. Қалған қаражатты шағын несиелеу ұйымдарынан ала алады. Істі бастаған адам алдымен кепіл беретін мекемеге жүгінуі тиіс. Айта кетейік, президент 5 әлеуметтік бастамасында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие көлемін 20 миллиардқа ұлғайтып, 62 миллиардқа жеткізуді тапсырған.