Шикізатты шетелге шығару үшін кеден құжаттарында жүк «мыс кені мен концентраттары» деп көрсетілген. Осылайша оның нақты құрамы жасырылған, деп хабарлайды Astana TV.
Кейінгі тергеу және жедел іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған 1 000 тоннадан астам шикізат табылды.
Тергеу барысында заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруға қатысы бар «RedGold Mining» ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры мен өзге де тұлғалар анықталды.
Екі күдікті қамауға алынды.
Соттың рұқсатымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.