Жасанды интеллект, робототехника, 3D-модельдеу. Енді мұның бәрін Ақтөбеде де меңгеруге болады. Қаладағы AQTOBE IT HUB орталығы цифрлық технологияларды білім беру саласына енгізіп, мұғалімдер мен оқушылардың IT-дағдыларын дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Орталық 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. 300 оқушыға лайықталған. Мұнда сондай-ақ педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылмақ. Мақсат-оқушылардың тек теориялық білімін толықтыру емес, алған білімін нақты жобаларда қолдануына мүмкіндік беру.
МАҒЖАН ЖҰМАЕВ, IT HUB ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
Осыдан бір жыл бұрын мұғалімдерге жасанды интеллектті қалай үйрену керек, этикасы, мұғалім сабақтың ішінде қалай қолдану керек, vibe coding деген барлығын үйретіп, енді қазір жаңадан ашылған өңірімізде осы инновациялық орталықта тек қана мұғалім емес, жергілікті адамдарға, оқушыларға, "мен білемін" деген жандарға осы жерде үйретіп жатырмыз.Енді алда жұмыс көп, неше түрлі, әртүрлі бағытта осы орталықта жұмыс жасаймыз. Соның бірі жасанды интеллект бағыты, зертханасы.