Республика күні қарсаңында Таразда өндіріс, білім, әдебиет және қоғамдық сала өкілдері жастармен кездесті. «Әділет» партиясының Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырған «Менің елім» диалог алаңына 200-ге жуық студент қатысты. Кездесуде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, Қазақстанның қалыптасу кезеңі мен елдің даму бағыты сөз болды. Қонақтар сол кезеңдегі естеліктерімен және тәжірибесімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Республика күніне орай өткен кездесуде ұрпақтар сабақтастығына ерекше мән берілді. Қатысушылар бүгінгі жастардың қоғамдағы рөлі, ел дамуына қосар үлесі және болашақ алдындағы жауапкершілігі туралы пікір алмасты.
ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жас буынның біздің еліміздің даму бағытын естіп, құлағына сіңіріп, сол кездегі нағыз тәуелсіз ел атануымызға еңбек еткен азаматтармен тІыкелей сұқбат құру өте маңызды деп есептейміз. Себебі, көзбен көрген сол кезде еңбек сіңірген, өз үлесін қосқан азаматтардың жүрген жол бұл жастарға үлгі.