Мемлекет басшысына атом өнеркәсібі мен энергетика жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Astana TV.
Атап айтқанда, АЭС құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, маман даярлау және саладағы жобалардың отандық үлесін арттыру мәселелері көтерілді.
Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Президент ұлттық атом энергетикасын ілгерілету мәселелерін айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ Атом саласының даму стратегиясы аясында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды тапсырды.