Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ақтөбеде лифтіге қыстырылып қаза болған тұрғынның ісіне қатысты тергеу басталды

AstanaTV
05.04.2018ж. 20:00
1973
Ақтөбеде лифтіге қыстырылып қаза болған тұрғынның ісіне қатысты тергеу басталды

Ақтөбеде 28 жастағы келіншектің аяғы лифтіге қыстырылып, оқиға орнында мерт болды. Жедел медициналық көмек станциясы мамандарының айтуынша, лифт қозғалып кеткен сәтте әйелдің бір аяғы есіктің сыртында қалып қойған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Марқұмның қасында сол сәтте үш жасар баласы болған. Оны құтқарушылар алып шыққан. Бүлдіршін дін аман. Ал 28 жастағы келіншек жергілікті телеарналардың бірінде қызмет етіп келген, бірнеше бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі болған. Бұл оқиғаға байланысты ішкі істер департаменті «Адам өміріне және денсаулығына ауыр зиянын тигізген сапасыз құрылыс жүргізу» бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

4 сәуір күні ІІД кезекшілік бөліміне 12 микрорайондағы үйлердің бірінен лифтінің ішінде әйел адамның денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 278 2 бөліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Және де бірқатар сараптамалар тағайындалды.