$451.05 €504.95 ₽5.6

Астанада 18 қабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылды

25.10.2026ж. 22:38
Астанада 18 қабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Астанада Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрт шығып, төрт адам құтқарылды, деп хабарлайды Astana TV.

Өрт 18 қабатты тұрғын үйдің 14-қабатындағы пәтерден шыққан. Шұғыл шақырту орнына жеткен өртсөндірушілер пәтер ішіндегі жиһаз бен үй заттарының жанғанын анықтады.

Құтқарушылар арнайы тыныс алу маскаларын пайдаланып, қою түтін басқан үйден 4 адамды, оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Өрт жоғары қабаттағы пәтердің 25 шаршы метр аумағын шарпыған. Тілсіз жау толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.