$451.05 €504.95 ₽5.6

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында қола медаль алды

25.10.2026ж. 19:06
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында қола медаль алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Astana TV.

ҰОК ақпаратынша, отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты.

Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті.