Эр-Риядтағы бәсеке 2027 жылдың 28 наурызы мен 8 сәуірі аралығында өтеді. Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, бұл шешім ұйымдастыру және логистика маселелері қайта қаралып, ұлттық олимпиада комитеттерімен кеңескеннен кейін қабылданған, деп хабарлайды Astana TV.
Ойындардың уақытын шегеру спорт күнтізбесін оңтайландыруға және оған көбірек мемлекеттің қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жарысқа 45 елден 4 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Бұл — Сауд Арабиясы Азия олимпиадалық кеңесінің қолдауымен алғаш рет өткізетін кешенді спорттық бәсеке болмақ.