Шымкент қаласында 5 гектар аумақта 7 мыңнан астам банан ағашы өседі, деп хабарлайды Astana TV.
Нысан ауыл шаруашылығы өндірісімен қатар, туристерге арналған танымдық демалыс орны ретінде де жұмыс істейді.
Келушілер банан өсіру технологиясымен, жылыжай шаруашылығының ерекшеліктерімен, өнімді күтіп-баптау және жинау процесімен таныса алады. Фермада экскурсиялар ұйымдастырылып, отбасылық демалысқа және жергілікті өнімдерді сатып алуға жағдай жасалған.