$455.63 €507.89 ₽5.65

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі

28.10.2026ж. 12:25
Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі
фото: Ақорда

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы ең төменгі жалақының мөлшерін жаңа жылдан бастап 110 мың теңгеге көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Astana TV.

Қазір ең төменгі жалақы – 85 мың теңге.

Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді», - деді Президент.