$494.87 €520.65 ₽4.91
×

5 әлеуметтік бастаманы түсіндіру мақсатында арнайы лекциялар ұйымдастырылды

AstanaTV
06.04.2018ж. 20:00
2775
5 әлеуметтік бастаманы түсіндіру мақсатында арнайы лекциялар ұйымдастырылды

Жеке баспанасы бар азаматтардың Елбасы ұсынған «7-20-25» бағдарламасы арқылы тағы бір пәтер алуға мүмкіндігі бар ма? Осы бағдарлама аясында кімдерге жеңілдіктер қарастырылған? Осындай сан түрлі сауалдардың жауабын енді «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған арнайы лекциялардан білуге болады. Бұл шара "5 әлеуметтік бастаманы" түсіндіру мақсатында қолға алынды. Партияның орталық аппаратында өткен алғашқы жиынға келгендер көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Мұндай лекцияларды алдағы уақытта жергілікті жерлерде өткізу жоспары бар. Айта кетейік, Ұлттық банк аталған бағдарламаның нақты моделі мамыр айында дайын болады деп мәлімдеген. Партия қазірден бастап нақтыланған қағидаларды тұрғындарға түсіндіруді қолға алды. 

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы:

Бұл енді 25 жылға берілетін несие, 20 пайыз алғшқы жарнасы бар, 7 пайыз сыйақысымен. Бұл өте тиімді біздің халқымызға. Қаржылық мүмкіндіктері бар азаматтар Астана, Алматы қалаларында және облыс орталықтарында алуға тырысып отыр, біздің байқағанымыз. Сондықтан осы облыс орталықтар мен Астана мен Алматыда көбірек құрылыс салынып, серпін беріледі деп ойлаймыз.