$455.63 €507.89 ₽5.65

Астанада 23 мектептің жас өнертапқыштары робототехникадан сайысты

Астанада 23 мектептің жас өнертапқыштары робототехникадан сайысты

Астанада оқушылар робот құрастырып, мұғалімдер жасанды интеллект көмегімен тың жобаларын таныстырды. №113 «Келешек» мектебінде Болашақ Лига 2026 қалалық робототехника және STEM чемпионаты ұйымдастырылды. Оған елорданың 23 мектебінен қатысушылар жиналды. 

Жас өнертапқыштар өздерінің инженерлік қабілеттерін үш бағыт бойынша сынады. 7-8-сынып оқушылары робототехникадан жарысса, бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірге тапсырмалар орындады. 

ГҮЛЖАН ТҰРҒАНБАЙ, ОҚУШЫ:

Біз работатехникада спайтпрайммен жұмыс істейміз. Пайтонмен программа жазамыз.  Осы жарыста біз бірінші орын алуға тиіспіз деп ойлаймын. 

Мұнда тек оқушылар емес, ұстаздар мен ата-аналар да бақ сынады. Әсіресе, инклюзивті бағытта балалар ата-аналарымен бірлесіп робот құрастырды. Мақсат - балалардың техникаға қызығушылығын арттырып, өз идеясын нақты жобаға айналдыруына мүмкіндік беру.

ЖАСҰЛАН ҒАБДЕНҰЛЫ, BOLASHAQ LEAGUE ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: 

Биылғы чемпионатқа Астананың 23 мектебінен қатысушылар жиналды. Басты мақсатымыз оқушылардың робототехника мен жасанды интеллектке қызығушылығын арттыру. Біз осындай сайыстар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, болашақ инженерлер мен өнертапқыштарды тәрбиелеуді көздейміз.

Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалады. Үздік командалар мен жобалар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.