$455.63 €507.89 ₽5.65

Депутаттар Президент тапсырмаларын орындауға бар күш-жігерін жұмсайды, - Айбек Дәдебай

AstanaTV
28.10.2026ж. 19:00
Депутаттар Президент тапсырмаларын орындауға бар күш-жігерін жұмсайды, - Айбек Дәдебай

Депутаттар Президент тапсырмаларын орындауға бар күш-жігерін жұмсайды. Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай осылай деп мәлімдеді. Айбек Дәдебай бұл құжат бүкіл саяси жүйе жаңғыртылғаннан кейінгі алғашқы Жолдау екеніне тоқталды. Осы орайда ол Президент жаңа саяси институттардың алдына нақты міндеттер қойғанын атап өтті. Құрылтай Спикері депутаттық корпус Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған барлық бастамасын толық қолдайтынын, оларды сапалы әрі уақытылы орындау үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. 

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Ол Конституция қабылданып, бүкіл саяси жүйе жаңартылғаннан кейінгі алғашқы жолдау. Енді мемлекет басшысы жаңа саяси институттардың алдына нақты міндеттерді қойып отыр. Бұл жүргізіліп жатқан реформалардың нақты мазмұнмен байыта отырып, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Президентіміздің басты назарында әрдайым адам, оның әлеуеті және өңірлерді дамыту мәселелері тұр. Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысының жолдауда айтылған барлық бастамасын толық қолдайды. Депутаттық корпус Мемлекет басшысының барлық тапсырмасын сапалы әрі уақтылы орындау үшін бар күш-жігерін жұмсайтын болады. Әсіресе, жолдаудың мәні, мазмұнын қоғамның барлық топтарына кеңінен түсіндіруге және оны іске асыру жолында азаматтарды ортақ мақсаттарға жұмылдыруға ерекше назар аударылатын болады. Жақын арада депутаттар тобы жолдауды түсіндіру үшін өңірлерге барады. Олар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді, жастармен, кәсіпкерлермен және ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен пікір алмасады.