$457.09 €508.42 ₽5.67

Есірткісіз қоғам: граффити жазулары өшірілді

AstanaTV
29.10.2026ж. 19:00
Есірткісіз қоғам: граффити жазулары өшірілді

Таразда «Әділет» партиясының белсенділері есірткінің таралуына жол бермеуге күш салуда. Олар «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында граффити жазуларын өшірді. Іс-шараға 50 белсенді қатысып, қала аумағындағы қуыс көшелердің қабырғаларына жазылған жарнама сөздерді, электронды сілтемелердің суретін өшірді. Қолдарына бір-бір түрлі түсті бояу алған белсенді жастар қоғамның есірткіге қарсы мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай шаһардың тазалығын сақтауға да үлестерін қосып жүр. 

АЖАР ОҢҒАРБЕК, «ӘДІЛІТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Біз «Есірткіге жол жоқ!» акция аясында қаламызда есірткі заттарын насихаттайтын графиктік жазуларын өшіруге келдік. Қаламыз бойынша 100 ден астам жазу өшірілді. Біздің басты мақсатымыз жастарды зиянды әдеттерден қорғау есіркінің таралуына жол бермеу және қаламыздың тазалығы мен қауіпсіздігі үшін үлек қосу.