$453.71 €505.8 ₽5.63

Елдің басым бөлігінде көктайғақ болады - ТЖМ

Елдің басым бөлігінде көктайғақ болады - ТЖМ
Фото: tribunapracy.by

Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түседі

Солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ еліміздің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болжанып отыр, деп хабарлайды Astana TV.

Республика бойынша жел күшейеді. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жетісу облысында 1-ден 9 градусқа дейін үсік жүреді. Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Астана

30 қазан: Ауа райы құбылмалы бұлтты болады. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +7…+9°C.

Алматы

30-31 қазан: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +12…+14°C.

Шымкент

30 қазан: Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C.

Мамандар жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, көктайғақ пен тұман кезінде жолда барынша сақ болуға кеңес береді. Сондай-ақ күн райына сай киініп, қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.