Зодиак белгілерінің кейбірі жұмыс мәселелерін реттеуі керек болса, енді біреулері отбасы мен демалысқа көбірек уақыт бөлгені жөн, деп жазады Astana TV.
2026 жылдың 30 қазанында, жұма күні астрологтар әсіресе әріптестермен, жақындармен және іскер серіктестермен қарым-қатынаста сабыр сақтауды ұсынады. Бұл күн жоспарлардың күрт өзгеруіне, бұрынғы мәселелердің қайта алдан шығуына және кейбір шешімдерді қайта қарауға түрткі болуы мүмкін.
Жұмаға арналған басты кеңес — мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізбейінше, ашуға берілмеу және маңызды шешім қабылдамау.
ТОҚТЫ
Тоқтылар сабыр сақтап, ұсақ-түйек үшін сөзге келмегені абзал.
30 қазанда кейбір жұмыс мәселелері ойлағаннан да көп уақытты талап етуі мүмкін. Әсіресе қаржыны, ортақ шығындарды және демалыс күндеріне арналған жоспарларды талқылағанда барынша абай болған жөн.
Кәсіби салада басталған жобаларды аяқтауға күш салған дұрыс. Оқиғаларды жеделдетуге ұмтылу қателіктерге немесе әріптестермен түсініспеушілікке әкелуі мүмкін.
Жеке өмірде екі жақтың бірі өз дегенін тым қайсарлықпен тықпаласа, келіспеушілік туындауы ықтимал. Әр сөзде өз шындығыңды дәлелдеудің қажеті жоқ.
Кешке астрологтар уақытты отбасына, үй шаруасына немесе тыныш демалысқа арнауды ұсынады.
Күн кеңесі: қуатыңызды қарым-қатынас анықтауға емес, пайдалы істерге бағыттаңыз.
ТОРПАҚ
Жұма күні Торпақтарды көп араласу күтіп тұр, бірақ әңгіменің бәрі бірдей жеңіл болмайды.
Күн жоспардың күтпеген жерден өзгеруінен басталуы мүмкін. Кезедесулердің кешігуі, кейінге шегерілуі немесе уағдаластықтарды шұғыл қайта қарау қажеттілігі туындайды.
Жұмыста тапсырмалардың егжей-тегжейін алдын ала анықтап, тек ауызша уәделерге арқа сүйемеген жөн.
Ағайын-туыс пен жақын достармен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлген абзал. Тіпті кішігірім ескертпенің өзі тым ауыр қабылдануы мүмкін.
Қаржылық мәселелерді ұстамдылықпен шешкен дұрыс. Ірі сатып алуларды алдын ала ойластырып алған жөн.
Күннің екінші жартысында серуендеу, жағымды адаммен кездесу немесе көңілге орнықтылық сыйлайтын сүйікті іспен айналысқан пайдалы.
Күн кеңесі: сұхбаттасыңызды мұқият тыңдаңыз және әрбір қарсы пікірді өзіңізге бағытталған сын деп қабылдамаңыз.
ЕГІЗДЕР
Егіздерге ақшаға және жұмыстағы уағдаластықтарға сақ болған жөн.
30 қазанда шығындарға, қызмет ақысын төлеуге жеме-жемге келгенде міндеттерді бөлісуге қатысты сұрақтар туындауы мүмкін.
Астрологтар күннің бірінші жартысында басшылықпен немесе әріптестермен қарым-қатынаста түсініспеушіліктер болуы мүмкін екенін ескертеді.
Егер сізге шұғыл қаржылық шешім қабылдау ұсынылса, алдымен шарттарын тексеріп, егжей-тегжейін анықтап алған дұрыс.
Дегенмен, жұма күні жиналып қалған тапсырмаларды аяқтауға, құжаттарды реттеуге және бюджетті жоспарлауға қолайлы.
Жақындарыңызбен қарым-қатынаста ауыр сөз айтудан аулақ болыңыз.
Кешке қарай өз қалауыңызды түсіну және уақыт пен ақшаны шынымен не нәрсеге жұмсау керектігін анықтау жеңілірек болады.
Күн кеңесі: өзгелердің асығыстығы сіздің шешімдеріңізге әсер етуіне жол бермеңіз.
ШАЯН
Шаяндарға 30 қазанда өз қажеттіліктеріне құлақ түріп, өзіне артық жүк артпау ұсынылады.
Ай сіздің жұлдызыңызда орналасқан, бұл астрологиялық пайымдаулар бойынша эмоциялық сезімталдықты арттырады.
Күннің бірінші жартысында кейбір жағдайлар шын мәніндегіден де күрделірек көрінуі мүмкін.
Жұмыста кідірістер, әріптестермен түсініспеушілік немесе жоспарларды қайта қарау қажеттілігі болуы ықтимал.
Дегенмен, астрологтар асығыс қорытынды жасамауға кеңес береді. Жағдай сабырлы әңгімеден кейін-ақ шешілуі мүмкін.
Жеке өмірде өз сезімдеріңізге көңіл бөлген маңызды. Егер сізге демалыс немесе оңаша қалу қажет болса, бұл қалауыңызды елеусіз қалдырмаңыз.
Кешті үйреншікті де жайлы ортада өткізген дұрыс.
Күн кеңесі: уақытша көңіл-үйдің төмендеуі іс-әрекетіңізге ықпал етуіне жол бермеңіз.
АРЫСТАН
Арсландардың есіне бұл жұма көптен бері шешімін таппай жүрген мәселелерді түсіруі мүмкін.
Жұмыста жоспарлар өзгеруі немесе бұрын талқыланған тапсырмаларға қайта оралу ықтималдығы бар.
Кейбір арсландарда істің қалыпты ырғағын шұғыл өзгерткісі келетін сезім пайда болады. Дегенмен, астрологтар тек эмоцияға беріліп әрекет етпеуге кеңес береді.
Әсіресе туыстармен және әріптестермен сөйлескенде абай болған маңызды.
Егер шаршау жиналып қалса, барлық тапсырманы бірден орындауға тырыспаңыз. Шынымен маңызды бірнеше істі анықтап алған жөн.
Жеке қарым-қатынаста көбірек сабырлық пен түсіністік қажет болуы мүмкін.
Кешке артық қарбаластан бас тартып, уақытты тыныш ортада өткізу немесе сүйікті ісіңізбен айналысқан пайдалы.
Күн кеңесі: өзіңізден мүмкін емес нәрсені талап етпеңіз және күш жинауға уақыт қалдырыңыз.
БИКЕШ
Бикештерге сөзге мұқият болып, асығыс шешім қабылдамаған абзал.
30 қазанда тіпті жай әңгіменің өзі кенеттен дауға айналып кетуі мүмкін.
Жұмыста әріптестердің пікірі әлдеқашан екіге жарылған мәселе талқылануы ықтимал.
Астрологтар сынды көңілге тым жақын алмауға және дөрекі жауап бермеуге кеңес береді.
Сонымен бірге, бұл күн өткендегі қателіктерді талдауға, жоспарларды түзетуге және жаңа шешімдер іздеуге өте қолайлы.
Жеке өмірде жақындарыңыз өзінен-өзі түсінеді демей, өз қалауыңызды ашық айтқан дұрыс.
Күннің екінші жартысы достармен араласуға, болашақ жоспарларды талқылауға және ортақ істерге қолайлы.
Күн кеңесі: қажеттіліктеріңізді төтесінен айтыңыз, бірақ өзгелердің пікірін сыйлаңыз.
ТАРАЗЫ
Таразыларға 30 қазанда қаржылық мәселелер мен кәсіби міндеттерге назар аударған жөн.
Жұма күні ақша, мүлік немесе шығындарды бөлісу туралы әңгіме болуы мүмкін.
Бұрынғы уағдаластықтарға қайта оралып, шарттарын нақтылау қажеттілігі туындауы ықтимал.
Астрологтар бүгін эмоцияға беріліп зат сатып алудан және асығыс шешімдерден аулақ болуды ескертеді.
Жұмыста айналадағылардың назары сіздің іс-әрекетіңізге аударылуы мүмкін. Сондықтан тіпті тығырыққа тірелген жағдайлардың өзінде сабыр сақтау маңызды.
Жеке қарым-қатынаста күткен үміттердің әртүрлі болуына байланысты келіспеушіліктер болуы мүмкін.
Дегенмен, ашық әңгіме серіктесіңіздің ұстанымын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Кешке қарай тым белсенді әрекеттерден бас тартып, демалуға көңіл бөлген жөн.
Күн кеңесі: қаржылық шешімдерді көңіл-күйге емес, нақты деректерге сүйеніп қабылдаңыз.
САРЫШАЯН
Сарышаяндарға бұл жұма басшылықпен немесе ықпалды адамдармен күрделі әңгімелесулер әкелуі мүмкін.
Кәсіби салада өз ұстанымыңызды қорғауға тура келетін жағдайлар туындауы ықтимал.
Дегенмен, астрологтар тым қайсарлық танытпауға кеңес береді. Дереу жауап алуға тырысу қарым-қатынасты қиындата түсуі мүмкін.
Бұрын шешілген сияқты көрген жұмыс тапсырмасына немесе мәселеге қайта оралуыңыз ғажап емес.
Күннің бірінші жартысында ақпаратты тексеруге және құжаттарды дайындауға назар аударған пайдалы.
Жеке өмірде эмоцияның тасуы мүмкін. Жұмыстағы ашуды жақындарыңызға төкпеуге тырысыңыз.
Кешке қарай ортаны ауыстыру, достармен кездесу немесе жаңа бір іспен айналысу қалауы пайда болуы мүмкін.
Күн кеңесі: мәнерлілікті сақтаңыз және эмоцияға беріліп басшылықпен керісіп қалмаңыз.
МЕРГЕН
Мергендерге 30 қазанда асығыс шешімдерден бас тартып, жағдайды мұқият бағалау ұсынылады.
Жұма даулы мәселелерді талқылау үшін оңайға соқпауы мүмкін.
Әсіресе ақша, сапарлар және ұзақ мерзімді жоспарлар туралы әңгімеде абай болған жөн.
Егер жол жүруді жоспарласаңыз, құжаттарды, кестені және брондау шарттарын алдын ала тексеріп алған пайдалы.
Кәсіби салада бір мәселеге деген әртүрлі көзқарастарға байланысты пікіраластықтар туындауы мүмкін.
Астрологтар жан-жағыңыздағылардың бәрін өз дегеніңізге көндіруге тырыспауға кеңес береді.
Жеке өмірде өзгенің шекарасын құрметтеп, өз шешімдеріңізді таңуламау маңызды.
Кешке жиналып қалған уайымдарды реттеп, тыныш істермен айналысқан жөн.
Күн кеңесі: ақпаратты тексеріңіз және эмоциялардың маңызды шешімдерге араласуына жол бермеңіз.
ТАУЕШКІ
Тауешкілерге жұма күні жоспарлары мен айналасындағылармен қарым-қатынасын қайта қарау қажеттілігі туындауы мүмкін.
Күннің бірінші жартысында достармен, әріптестермен немесе іскер серіктестермен сөзге келіп қалу ықтималдығы бар.
Себеп кенеттен үлкен мәнге ие болып кеткен кішігірім түсініспеушілік болуы мүмкін.
Астрологтар, әсіресе әңгіме ортақ жобаларға немесе қаржылық міндеттемелерге қатысты болса, сөзді мұқият таңдауды ұсынады.
Жұмыста жеке өзіңіз орындай алатын тапсырмаларға назар аударған дұрыс.
Жеке өмірде серіктесіңізбен маңызды мәселені талқылауға мүмкіндік туады.
Шаяндағы Ай астрологиялық пайымдаулар бойынша Тауешкілердің жақын қарым-қатынасқа деген назарын арттырады.
Кешке қарым-қатынас анықтаудан бас тартып, сабырлы тілдесуді таңдаған жөн.
Күн кеңесі: барлық егжей-тегжейін есептеп алмайынша, жоспарларыңызбен бөлісуге асықпаңыз.
СУҚҰЙҒЫШ
Суқұйғыштарға 30 қазанда жұмыс міндеттері мен жеке шекараға назар аударған абзал.
Жұма іскерлік әңгімелер мен күтпеген тапсырмаларға толы болуы мүмкін.
Басшылықпен қарым-қатынаста дипломатияны сақтау маңызды. Астрологтар тіке айтылған сөздер тым дөрекі қабылдануы мүмкін екенін ескертеді.
Егер даулы мәселе туындаса, алдымен нақты деректерді анықтап алып, содан кейін ғана шешім ұсынған дұрыс.
Бұл күн құжаттарды реттеуге, ағымдағы тапсырмаларды орындауға және жұмыс кестесін қайта қарауға қолайлы.
Жеке өмірде шаршаудан туындаған ашушаңдық болуы мүмкін.
Кешке жүктемені азайтып, демалысқа көңіл бөлген пайдалы.
Күн кеңесі: барлық мәселені бірден шешуге ұмтылмай, жүйелі әрекет етіңіз.
БАЛЫҚТАР
Балықтарға жұма күні жеке өміріне және сүйікті ісіне көбірек уақыт бөлгісі келетін сезім сыйлайды.
Дегенмен, кейбір әңгімелер эмоционалды түрде ауыр болуы мүмкін.
Әсіресе қарым-қатынасты, отбасылық міндеттерді және демалыс күндеріне арналған жоспарларды талқылағанда абай болған жөн.
Астрологтар жақын адамыңыздың әрекеті түсініксіз болып көрінсе, асығыс қорытынды жасамауға кеңес береді.
Жұмыста сәл де болса кідірістер болуы немесе бұрын алынған ақпаратты нақтылау қажеттілігі туындауы мүмкін.
Бұл күн жағдайдың қысымымен шешім қабылдауға онша қолайлы емес.
Есесіне шығармашылықпен айналысу, балалармен араласу және сүйікті хобби кернеулі ортадан сергіп алуға көмектеседі.
Кешке қарай жағымды кездесудің немесе тыныш демалыстың арқасында көңіл-күй жақсаруы мүмкін.
Күн кеңесі: өзіңізге артық міндеттемелер алмаңыз және қуаныш сыйлайтын іске уақыт табыңыз.
2026 ЖЫЛДЫҢ 30 ҚАЗАНЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ
Жұма күні астрологиялық болжамдар бойынша сабырлық пен мұқияттылықты талап етеді. Меркурий мен Марс арасындағы кернеулі аспект астрологияда қақтығыстармен, асығыс айтылған сөздермен және шешім қабылдаудағы қателіктермен байланыстырылады.
Тоқтыларға, Торпақтарға, Бикештерге және Сарышаяндарға эмоцияға толы дау-дамайлардан аулақ болу ұсынылады. Егіздер мен Таразылар қаржылық мәселелерге ерекше мұқият болғаны жөн.
Шаяндарға, Арыстандарға және Балықтарға демалыс пен жақындарына көбірек уақыт бөлген пайдалы. Мергендер мен Суқұйғыштарға астрологтар шешім қабылдамас бұрын ақпаратты тексеруге, ал Тауешкілерге серіктестерімен қарым-қатынаста сабыр сақтауға кеңес береді.
30 қазанға арналған басты кеңес — демалыс күндері келгенше барлық мәселені шешіп тастауға ұмтылмау. Кейде сабырлы әңгіме, ақпаратты қосымша тексеру немесе сәл де болса аялдау артық дау-дамайдың алдын алуға көмектеседі.
Жұмыс аптасын асығыссыз аяқтаңыз, жақындарыңызға көңіл бөліңіз және өзіңіздің де демалуыңызды ұмытпаңыз.