$453.87 €508.33 ₽5.65

Тұрғындар Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді

AstanaTV
30.10.2026ж. 19:00
Тұрғындар Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді

«Халықтың әл-ауқатын жақсартатын уақыт келді». Президенттің ең төменгі жалақыны өсіру бастамасын тұрғындар қолдады. Олар біраз адамның тұрмысын түзеуге сеп болады дейді. 

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ең төмегі жалақы 110 мың теңгеге көтеріледі. Яғни, 1 млн 800 мың адамның тұрмысы түзеледі деген сөз. Осы бойынша сіздің пікіріңізді білсек?

- Менің пікірім оң. Осы жолдауды өзім қолдаймын. Егер жаңағы раша жалақы 110 мыңға көтерілсе, елдің де әл-ауқаты, экономикалық жағынан біршама көтеріліп қалады деген ойдамын.

- Мен бұл өте дұрыс шешім деп есептеймін. Қазіргідей қиын заманда, қымбатшылық кезінде көптеген әлеуметтік тұрғыда жағдайы төмен отбасыларға үлкен көмек болар еді.
 

- Бұл шешімді қолдаймын. Себебі, бұл яғни, жастарымыз үшін халық үшін өте маңызды. 

- Президент жолдауында ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мыңға көтеріліп жатыр дегені бізді өте қатты қуантты. Себебі бұл үлкен көмек болар еді халық үшін.  

- ҚР Президенті жолдауында жалақының көтерілгені мені қуантты. Себебі, 85 мыңнан 100 мыңға көтерілгеннің өзі бірақ адам өзінің керек заттарын, өміріне қажетті заттарын алуға кішкене қиындық тудыруы мүмкін. Сол үшін бұл үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.