Әйелдер жетіскенненпирожки, самса, басқа да тамақ пісіріп сатпайды. Бірақ адамдарды улап, оның соңы қайғылы жағдайға дейін баруы әп-сәтте. Сондықтан жауапкершілік, адам өмірі үшін жауапкершілік арқалайтынын әркім түсінуі керек. Жауапкершілікті қоғамдық тамақтандыру саласындағы, тамақ өнеркәсібіндегілер де түйсінуі шарт... Шарт, шарт дейміз-ау, шарт жәй шарттылыққа айналған. Шымкентте 188 адамның балмұздақтан улануы соны көрсетеді. Сонда бәрінен, қыл аяғы балмұздақ сатып алудан қорқып жүруіміз керек пе? Шағын бизнестің дамығаны керек. Оның мемлекеттің тұрақты дамуының басты факторларының бірі екенін де білеміз – өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдардың. Бірақ «ашып кеткен, сасып кеткен» бизнестің болғанынан болмағаны. Айзада Төребекқызы жалғастырады.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Жұрт жаппай балмұздағын жеп уланған дүңгіршек осы. Бұл жер өткен жұмадан бері жабық тұр. Байқағанымыздай, бұл қаланың қақ ортасы. Көпшілік көп жүретін орын. Мына жағы мектеп, ал мына тұста техно саябақ орналасқан. Айтпақшы, бұл жерде бірнеше құйылмалы балмұздақ сататын нүкте бар. Барлығының саудасы қызып тұр. Бірақ алушылардың ешбірі қауіптеніп, бас тартып жатқанын байқамадық.
Тұрғындар:
-Қорықпайсыз ба, қауіптенетін жағдай жоқ, деп ойлайсыз ба?
-Білмедім енді, күн ыстық болғаннан кейін.. өзім тәттіні жақсы көрем, Құдай сақтасын деп жейміз енді.
-Не істейміз енді, балалар жейміз деп жатса.Қорқып қалдық сәл-сәл. Мынау енді жаңа точка, может надеемся что хорошо.
Айбала Ырысбекқызы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты:
Шикізаттарды жаңалап тұру керек. Жаңа күйінде қолдану керек, міне содан болады. Ол тұрып қалған жұмыртқа, құрғақ сүттерді уақытында жаңа күйінде, мерзіміне сай қолданбаған жағдайда осындай аурулар пайда болуы мүмкін.
Материалды әзірлеу барысында құйылмалы балмұздақ сататын бірнеше дүңгіршекке барып, сатушыларды сөзге тартып көрдік. 24 жастағы Данияр Ташбулатов балмұздақ жасауды жуырда Италияда арнайы оқып келіпті. Айтуынша бұл кәсіпті осы аптада ғана бастаған көрінеді. Жас кәсіпкер балмұздақ жасаудың барлық талаптарын сақтайтынын айтты.
Данияр Ташбулатов, кәсіпкер:
Сперва мы постеризуем. Потом этот пастеризация проходят через гуманизация деген нәрсе бар да, содан өтіп, сонымен шығарамыз. У нас есть все документы. Можете пожалуйста проверить, поехать в цех. Бізде итальянское обарудование. Все итальянское.
Өзге дүңгіршектегілер де өнім сапасына шәк келтірмеді.
-Сүтті түскен кезде мы его проверяем на качество и проверка өткеннен кейін барып оны біз сатамыз. Сначало мы его сами пробуем. Прежде чем Вам продовать.
Солай делік, бірақ ауру астан келгені ақиқат. Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасына 29-наурыз бен 1-сәуір аралығында 188 адам жеткізілді. Тоқтаусыз іш өту, құсу, бас айналуына шағымданғандардың арасында балалар да, ересектер де бар. «Өткір ішек инфекциясы» диагнозымен жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққандардың ішінде аяғы ауыр келіншек те болды. Мұндай жағдайға жеткізген не? Кемшілік қайдан кетті?
Ақтөбедегі бұл серіктестік 18 жылдан бері балмұздақ шығарып келеді. Технолог Аленаның сөзінше осы уақытқа дейін кәсіпорын өнімдеріне тұтынушылар тарапынан шағым болмаған. Ең бастысы, өнімді дайындау технологиясы қатаң сақталуы керек. Олай етпеген жағдайда тәттінің дәмі өзгеруімен қатар, адам денсаулығына зиянын тигізуі де әбден мүмкін.
Алена Крекотень, «Айс» ЖШС бөлім басшысы:
Құйылмалы балмұздақтарды арнайы сауда орындарынан сатып алған дұрыс. Өнімнің сақтау заңдылығы сақталатындықтан дәмін бұзылмай, құрамы сол күйінде қалады. Ал микробилолгиялық құрамының бұзылуын дәміне қарап ажырату мүмкін емес. Балмұздақ шығаратын цехтар да талапты сақтауға міндетті. Әр технологиялық процестен кейін құрылғылар тазаланып, дезинфекция жасалынады.
Ал Шымкентте ше?! Мамандар балмұздақ сататын орын мен оны әзірлеген үйден микробиологиялық тексеруге 25 заттан сынама алыпты. Соның 24-інен сальмонеллез, стафилакокк сынды бірнеше қозырғыштар табылды. Сальмонеллез қоздырғышы балмұздақ сататын жердегі екі адам мен 27 науқастың ағзасынан да анықталды. Жаппай улануға балмұздақты әзірлеуде санитарлық ережелердің өрескел бұзылуы себеп, деді мамандар. Кәсіпкер тәттінің қоспаларын үйде, талапқа сай келмейтін жағдайда жасап келген.
Нұрбек Нышанов, ОҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:
Барлық өнімдер мен сапасының қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ. Тек бір ғана құрғақ сүт өнімінен мерзімі өткен құжат ұсынылды. Балмұздақ қоспасы арнайы талаптарға сай рефережаторы бар автокөлікпен емес, өзінің жеке көлігімен тасымалданып келген, Коммунизмнен «Южное» кафесіне. Барлығы 5 қызметкер. Соның ішінде тек қана біреуінде медициналық тексеруден өткені туралы кітапшасы болған.
Бір айта кетерлігі, балмұздақ сататын дүңгіршектің нақты қай уақыттан бері жұмыс істеп келгенін жауапты орындардың ешбірі білмейтін болып шықты. Білетіндері сондағы дәмхананың 2004 жылы ашылғаны ғана. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер мұндай кішігірім дүңгіршектер заңға сәйкес эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз нысандар қатарына жататынын айтады.
Бірақ қалай онша маңызды емес? Халқының саны миллионға жуықтайтын Шымкент көшелерінде тез әзірленетін тағамдар дайындайтын орын көп. Лаваш, қатпарлы самса, бәліш секілді. Оны дайындауда қаншалықты санитарлық талаптар сақталады, оларды тиісті орындар тексереді ме? Бұл басы ашық сұрақ.
- Гарантию не даете?
-Ну, гарантия есть. У нас же свежее мясо. У нас даже мясо не остается.
-Мысалы мынаның бәрі көшеде ашық тұр, жауып қою деген жоқ па?
-Қазір шығарылды. Марлісі алдында тұр...
Сатушылар мен ондағы ас әзірлеушілер түсіру тобын көргесін ғана ас-ауқаттың бетін жапқылай бастады. Ал саудасын қыздырғандардың кейбірі маңызды құжат - медициналық кітапшаны өздерімен бірге алып жүру керек деп санамайды да.
-Мед. книжка тапсырып қойғанбыз ғой оған. Алу керек.
-Енді тапсырдыңыз ба? Бұрын болмаған ба?- Я вот недавно пришел... –Қанша болды. –Бір апта болды.
Құдай сақтап, балмұздақтан уланған адамдар аман. - Мұндай жағдай соңғы он жылда болмаған,- деді құзырлы орындар. Халық қорқып та қалған.
Тұрғындар:
Менің өзім көшеден бір зат алып жеуге қорқам ондайға. Өйткені олар қандай заттан істеліп жатыр, білмеймін.
Көшеде жүріп тамақ ішпеймін өз басым. Бірақ кешегі жағдайды естіп қатты қорқып та қалдық. Себебі балаларымыз көбі жастар, көшеден тамақ ішіп жатады.
Сақтықта қорлық жоқ, дейді. Білмейміз ғой енді, ішінде қай күнгі ол, ешкім тексеріп жатқан жоқ оны. Тек жаңағыдай отравление болып, теледидарға шыққанда бір- ақ көрсетеді ғой оны. Оған дейін тексеріс онша болмайды.
188 науқастың барлығы да апта соңында үйлеріне шығарылғанын естідік. Қалай десек те, бірдің кесірі мыңға тиді. Бұл жәйтпен полиция да айналысып жатыр. Ішкі істер органына жалпы 172 адамнан арыз түскен.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:
Бұл азаматтардың бәрі де бір жерден балмұздақ алып жеген. Тергеушілермен ҚР ҚК «санитарлық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сергей Уткин, заңгер:
Азаматтар мына жағдайдан соң сотқа ұжымдық арыз түсіруі тиіс. Моральдық, материалдық өтемақы талап етуге құқылы. Материалдық болмаса да, денсаулығына елеулі зардап келді, олардың. Оны дәлелдеу қиын емес. Кәсіпкер жауапсыздығы үшін жауап беруі тиіс.
Өрт, не болмаса тасқын секілді төтенше жағдайлар, сонымен бірге жаппай астан улану болмайынша бізде алдын алу жұмыстары жүрмейтіні ащы да болса шындық. Ал тәтті балмұздақтың "ащы ішекті бұрауы" енді қайталанбасына ешкім кепілдік бермейді. Себебі балмұздақ маусымының қызатынын ойлап, қолын ысқылап отырған талай кәсіпкердің арасында ашкөздердің аз еместігі анық.
Айзада Төребекқызы, Серік Талас «Біздің уақыт».