$453.87 €508.33 ₽5.65

Шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 10 адам қаза тапты

Шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 10 адам қаза тапты
Фото: ЖИ

Мысыр астанасы Каирдің батысында болған жол апатынан кемінде 10 адам көз жұмып, тағы 24 адам жарақат алды, деп хабарлайды  Astana TV. 

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, апат Гиза провинциясының 6 қазан ауданында болған. Орта айналма жол мен Дабаа тасжолының қиылысында жолаушылар мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысқан.

Жарақат алған 24 адамның онының жағдайы тұрақсыз деп бағаланып отыр. Қазір зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Министрлік жараланғандарды емдеу үшін барлық қажетті ресурс жұмылдырылғанын мәлімдеді. Медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, донорлық қанмен және қажетті материалдармен қамтамасыз ету шаралары қабылданған.