$453.87 €508.33 ₽5.65

9 адам қаза тапты: Ұшақ тұрғын үйлер маңына құлады

02.11.2026ж. 09:33
9 адам қаза тапты: Ұшақ тұрғын үйлер маңына құлады
фото:nypost.com

АҚШ-та жеке ұшақ апатқа ұшырап, тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды  Astana TV. 

БАҚ ақпаратынша, ұшақ Техастан Багам аралдарына бағыт алған. Ол тұрғын үйлер орналасқан аумаққа жақын жерде құлаған. 600-ге жуық тұрғын эвакуацияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа нөсер жауын мен найзағай себеп болуы мүмкін. Экипаж диспетчерге ұшақтың мұздануымен күресіп жатқанын, сондай-ақ турбуленттікке тап болғанын хабарлаған. Алайда арада бір минут өтпей, апат дабылы қосылған. Ұшақ жылдам төмендей бастаған.

Апат орнында үлкен шұңқыр пайда болып, өрт шыққан. Ұшақ бортындағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты. АҚШ Көлік министрі оқиғаны аса ауыр қайғылы жағдай деп бағалады.