$453.87 €508.33 ₽5.65

«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

02.11.2026ж. 10:12
«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Фото: pixabay

Ертең өтінімдер қайта қабылданады. Бұл туралы «Отбасы» банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  Astana TV. 

Жобаның бұл кезеңіне 20 млрд теңге бөлінген. Шарттары өзгеріссіз қалды.

Бастапқы жарна:

Астана мен Алматы қалалары үшін 20 %,

Өзге аймақтар үшін 15 %-дан кем болмауы керек.

Салымшы кейінгі 6 айдағы ресми табысын растауы қажет. Қарыз сомасы 50 млн теңгеге дейін, ал жылдық мөлшерлемесі 14,8 % болады. Жаңа үйлермен қатар қайталама нарықтан баспана таңдауға болады.