$453.87 €508.33 ₽5.65

Президент Qarmet бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады

02.11.2026ж. 18:25
Президент Qarmet бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qarmet акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

«Құрмет» орденімен

  • Измер Александр Сергеевич — «Karaganda Komir» ЖШС «Тентек» шахтасының бригадирі, Қарағанды облысы;
  • Ыдырысов Зейнолла Сұлтанұлы — «Qarmet» АҚ цех шөмішшісі, Қарағанды облысы.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Абюров Жамбыл Мелісұлы — «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігі «Батыс Қаражал» шахтасының үңгілеушісі, Ұлытау облысы;
  • Баулекова Гуля Кәлкенқызы — «Karaganda Komir» ЖШС «Қазақстан» шахтасының электр слесары, Қарағанды облысы;
  • Жанаев Марат Бөкенұлы — «Karaganda Komir» ЖШС И. А. Костенко атындағы шахтасының электр слесары, Қарағанды облысы;
  • Иванов Игорь Владимирович — «Qarmet» АҚ инженері, Қарағанды облысы;
  • Қынаев Бекболат Қынайұлы — «Qarmet» АҚ ауысым бастығы, Қарағанды облысы;
  • Хан Валерий Васильевич — «Karaganda Komir» ЖШС В. И. Ленин атындағы шахтасының директоры, Қарағанды облысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Алшымбеков Сансызбай Қожагелдіұлы — «Өркен» ЖШС «Өркен-Атансор» өкілдігі ұсақтау-байыту фабрикасының шебері, Ақмола облысы;
  • Ахметов Арман Ерсайынұлы — «Qarmet» АҚ жетекші инженері, Қарағанды облысы;
  • Байжанов Рафхат Мамыртайұлы — «Karaganda Komir» ЖШС «Шахтинск» шахтасының кеншісі, Қарағанды облысы;
  • Захаров Дмитрий Витальевич — «Qarmet» АҚ жетекші инженері, Қарағанды облысы;
  • Иванов Константин Владимирович — «Qarmet» АҚ цех бастығының орынбасары, Қарағанды облысы;
  • Колесов Сергей Александрович — «Qarmet» АҚ қызмет бастығы, Қарағанды облысы;
  • Фомина Татьяна Николаевна — «Өркен» ЖШС Лисаков филиалының кран машинисі, Қостанай облысы.

Салтанатты іс-шарадан соң Президент кәсіпорын жұмысшыларымен емен-жарқын әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құю-илемдеу кешенінің құрылысы басталуына орай орнатылған ескерткіш тақтаға қол қойды.