$453.64 €508.17 ₽5.59

“Ипотека рәсімдеймін”: полиция алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады

“Ипотека рәсімдеймін”: полиция алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады
Фото: Polisia.kz

Астанада полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады

Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы елорда тұрғыны таныстарына ипотеканы рәсімдеуге көмектесетінін айтып, уәде берген. Оның сөзіне сенген азаматтар оған ақша қаражатын тапсырған. Алайда күдікті кейіннен байланысқа шықпай қойған, , — деп хабарлайды Astana TV Polisia.kz сілтеме жасап.

Келтірілген шығын көлемі 3,2 миллион теңгені құрады. Екінші жағдайда 62 жастағы әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде етіп, азаматтардың ақшасын иемденген.

Осы деректердің бірінде келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құраған.

​​​​​​​Аталған екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарды қырағы болуға және ипотеканы жылдам рәсімдеу немесе баспана алып беру туралы уәделерге сенбеуге шақырады.

​​​​​​​Ақша бермес бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығын мұқият тексеріп, күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеу қажет.