Қазақстан Азия даму банкінен қарыз алады. Берешек мөлшері - 3,4 млрд қытай юані. Яғни, 227 млрд теңге. Оны өтеу мерзімі – 15 жыл. Оның ішінде алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі болып есептеледі. Бұл қаражат ең алдымен әлеуметтік сала, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттардағы шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.
МӘДИ ТАКИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
Азия даму банкінен біз 94 жылдан бастап мүшесі болдық. Біздің пайызымыз – 0,805. 8,7 млрд АҚШ долларын алдық. Оның бәрі осы бюджеттің тапшылығына жіберілген ақша.