Бірқатар мемлекеттің басшылары елімізге келеді
Астанаға Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді. Қадірлі қонақтарды Мемлекет басшысы шақырды, деп хабарлайды Astana TV.
5-6 қараша күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.
5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.
6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.