Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні шетелге заңсыз алып шығу әрекетінің жолы кесілді. Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 миллион теңгеден асуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 31 қазанда «Целинный» өткізу пунктінде болған.
Шекарашылар Қазақстан азаматының Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні ел аумағынан заңсыз алып шығу әрекетін анықтаған. Күдікті ұсталып, құстар тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданған.
Ителгі несімен бағалы?
Ителгілердің қымбат бағалануының басты себебі – олардың сирек кездесуі ғана емес, сұңқаршылық өнеріндегі ерекше орны.
Ителгі (балобан) – өте жылдам, епті, аң аулауға бейім жыртқыш құс. Ол әсіресе Таяу Шығыс елдерінде сұңқаршылықпен айналысатын адамдар арасында жоғары бағаланады.
Оларды не үшін сатып алады?
Неліктен бағасы қымбат?
Қазақстандағы табиғат қорғаушылардың мәліметінше, ителгілерді заңсыз аулау және Парсы шығанағы елдеріне сату олардың популяциясының азаюына әсер еткен негізгі факторлардың бірі.