$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада мектеп ұжымына Елбасының "5 әлеуметтік бастамасының" мақсаты түсіндірілді

AstanaTV
10.04.2018ж. 20:00
2712
Астанада мектеп ұжымына Елбасының "5 әлеуметтік бастамасының" мақсаты түсіндірілді

Бүгін "Нұр Отан" партиясы кеңес мүшелері мектеп ұжымына "Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы" аясында түсіндіру жұмысын өткізді. Жиынға жоғарғы оқу орындарының профессорлары, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Президенттің "Бес бастамасын" түсіндіру барысында «Мирас» кеңес мүшелері ұсынылған қадамдардың өзектілігі мен нақтылығын атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастамаларды іске асыру, ең бастысы, миллиондаған қазақстандықтар үшін өзекті проблемаларды шешуге қуатты серпін береді. Партия мүшелері  мұндай  жиындарды елордадағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына жиі ұйымдастыратындарын айтты. Алдағы уақытта халық үшін ақпараты маңызды жиындар әрі қарай да жалғасын таппақ.

Шыңғысхан Қожахметов, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты - "Мирас" қоғамдық кеңесінің, одан кейін "Нұр Отан" партиясының осы мекемелерде кездесу барысының негізінде, Елбасының "5 әлеуметтік бастамасын" халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оның ішінде мұғалімдер, ұстаздар арасында. Әлеуметтік бастама қоғамның арасында қызу талықылануда.