$451.87 €507.31 ₽5.53

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы республикалық жастар лагерінің жұмысымен танысты

06.11.2026ж. 19:00
Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы республикалық жастар лагерінің жұмысымен танысты

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар лагерінің жұмысымен танысты.  Кездесуде президенттік реформалар, олардың жастар әлеуетін ашудағы рөлі талқыланды.  Сондай-ақ  Ерлан Қошанов пен Кеңес мүшелері өңірдегі қоғам өкілдерімен кездесіп, аймақтың ғылыми-білім беру инфрақұрылымы мен Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталықтың жұмысымен танысты.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Қуатты, әділетті өркениетті Қазақстан құру. Келер ұрпаққа іргесі берік, болашағы баянды ел қалдыру. Өйткені елдің ең асыл байлығы – білімді ұрпақ, биік рухты, парасатты азамат.