$451.87 €507.31 ₽5.53

Астанада жеке сот орындаушылар зейнеткерді өз үйінен қуып шықпақ болған

06.11.2026ж. 19:00
Астанада жеке сот орындаушылар зейнеткерді өз үйінен қуып шықпақ болған

Астанада жеке сот орындаушылар зейнеткерді өз үйінен қуып шықпақ болған.  Зейнеткер мен ұлы 8 жылдан бері баспананың өздеріне  тиесілі екенін  дәлелдей алмай келеді. Іске Құрылтай депутаттары араласты. 

 Айдос Балтаев 8 жыл бұрын бизнесін қаржыландыруға инвестор іздеген. Іздеген адамы табылып,  екі жақты келісімге қол қояды. Алайда, келісімнен кейін ол 10 млн теңге қаражатты беруден бас тартқан. Ал келісімшартта қаражаттың кәсіпкерге берілгені жазылыпты. Осылайша, сан соқтырған инвестор пәтерін босатуды талап етіп сотқа берген. 

АЙДОС БАЛТАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 Жеке сот орындаушылар пәтерді нарықтағы бағадан 3 есе төмен бағалап, саудаға қойған. Екіншіден, аукцион заңсыз өтті. Себебі, аукционға тек бір ғана сатып алушы қатысып, сатылыпты. Заң бойынша жалғыз адам қатысса, аукцион ойнатылмайды. 

Бұл отбасы 8 жылдан бері өз пәтерін бермеу үшін күресіп келеді. Айдос Балтаевтың сөзінше, сот орындаушылар оларды күшпен шығаруға әрекет жасаған. Тіпті, пәтерінің есігін аңдып, есікті бұзбақ та болыпты. Ал анасы зейнеткер. Жылу беру маусымы басталған уақытта үйден күштеп шығаруға заң бойынша тыйым салынған. 

АЙДОС БАЛТАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің «E-otinish» бойынша жазған арызымызға бойынша  Құрылтай депутаттары Илья Теренченко, Снежанна Имашева жауап берді. Бұл іске араласып, заңсыздық барын анықтады. Құрылтай депутаттарының араласуымен үйден күштеп шығару әрекеті тоқтатылды. Ол кісілерге айтар алғысымыз шексіз. 

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Құрылтай депутаттарының жедел әрекет етуінің нәтижесінде зейнеткерді үйден шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл оған жылыту маусымы бойы өз баспанасында қалуға мүмкіндік берді. Осылайша, оған мәселені сот арқылы шешуге қосымша уақыт бар. Бұл жағдайда, жылыту маусымында баспанасыз қалу қаупі бар адамның конституциялық құқықтарына қатысты мәселе туындап отырғанын ескеру қажет.  

Балтаевтар отбасының жылу маусымы біткенше, жылжымайтын мүлкін растап, сотта дәлелдеуіне уақыт бар. Құрылтай депутаттары  әрдайым тұрғындардың құқығын қорғауға дайын екендерін жеткізді.