Алматы қаласының Алатау ауданындағы Фариза Оңғарсынова көшесінде жеңіл автокөліктің қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілер ауа-механикалық көбік қолданып, өртті аз аумақта сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.