$447.14 €499.54 ₽5.46

Туристер таудан түсе алмады

Туристер таудан түсе алмады
фото скрин

Алматы құтқарушылары тауда екі туристке көмек көрсетті

Алматы облысы Қарасай ауданында, Сәтбаев шыңының маңында теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2006 жылы туған екі жас жігітке көмек көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар таңертең тауға шыққан. Алайда төмен түсу кезінде өздігінен әрі қарай қозғала алмаған.

Құтқарушылар қажетті көмек көрсетіп, оларды таудан аман-есен төмен түсірді.

Жас жігіттер медициналық көмекке мұқтаж емес. Олар үйлеріне өз бетінше қайтты.