$447.14 €499.54 ₽5.46

Кәріз құдығына түсіп кетті

Кәріз құдығына түсіп кетті
фото скрин

Құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен күшікті құтқарды

Қызылорда қаласында құтқарушыларға осындай сипаттағы шақыртулар жиі түседі. Бұл – солардың бірі, деп хабарлайды Astana TV.

Бүгін күні Қызылжарма ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында тереңдігі 2,5 метр болатын кәріз құдығына күшік түсіп кеткен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар күшікті құдықтан аман-есен алып шықты.

Құтқарушылар үшін әрбір өмір маңызды!