$447.14 €499.54 ₽5.46

Айбар Жақсылықов Қазақстан құрамасына шақырту алды

Айбар Жақсылықов Қазақстан құрамасына шақырту алды
ҚФФ

Рамазан Кәрімов жарақатына байланысты Ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы алдағы матчтар қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының тізімінде өзгеріс болды, деп хабарлайды Astana TV.

«Астана» шабуылшысы Рамазан Кәрімов жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды. Оның орнына ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы «Елімай» шабуылшысы Айбар Жақсылықовты шақыру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.