Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астанада 239 лифттің қауіпті екені анықталды

AstanaTV
11.04.2018ж. 20:00
2276
Астанада 239 лифттің қауіпті екені анықталды

Лифтідегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпегендер қылмыстық жазаға тартылуы керек. Астана әкімі осындай ұсыныс айтты. Әкімшілік шаралар нәтиже бермей келеді. Бұған президент сынынан соң ПИК қызметіне жүргізілген тексерістер дәлел. 117 нысандағы 727 лифтіні аралаған мамандар оның 239-нан кемшілік тапқан.

Әкімдіктің ақпаратынша, қалада 6 мыңнан астам лифт бар. 5 мыңға жуығы тұрғын үйлерде, қалғаны әкімшілік ғимараттарда орнатылған. Оларға 69 арнайы ұйым қызмет көресетеді. Өткен жылы 96 лифт ауыстырылған. Оның 63-інің пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан, ал 23-і апатты жағдайда. Соңғы бір жылда тұрғындардан 500-ден аса арыз түскен. Олар лифтілердің жұмыс істемейтініне шағымданған. Астанада 9 көпқабатты үйдегі 12 жеделсаты мүлде жұмыс істемейді.