$448.98 €502.45 ₽5.45

Мексикалық жанкүйерлер Димашқа ерекше сый жасады

10.11.2026ж. 18:27
Мексикалық жанкүйерлер Димашқа ерекше сый жасады
Фото: dimashnews.com

Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің бейнесі салынған мурал пайда болды, деп хабарлайды Astana TV.

Муралдың авторы – мексикалық суретші Antonio Art Mural. Арт-нысан Francisco Javier Mina көшесіндегі 1 140-үйдің қабырғасына салынған. Жанкүйерлер бұл туынды арқылы Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени байланысты көрсетуді мақсат еткен.

Жанкүйерлер осылайша қазақстандық әншіге құрмет көрсетіп, екі ел арасындағы мәдени байланысты дәріптеуді көздеген.

Dimashnews.com, ақпаратынша мурал Димаштың 14 қарашада Монтеррейде өтетін DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында салынды.