Ертіс ауданының прокуратурасы кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген мемлекеттік гранттарды мақсатсыз пайдалану деректерін анықтады, деп хабарлайды Astana TV.
Мемлекеттік гранттар азаматтарға ауыл шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету және басқа да салалардағы бизнес-жобаларды іске асыру үшін қайтарымсыз негізде беріледі.
Алайда 14 грант алушы өздеріне алған міндеттемелерін орындамаған. Мәлімделген бизнес-жобалар іске асырылмаған немесе ішінара ғана орындалған. Ал бөлінген қаражаттың кейбірі жеке және тұтынушылыққа жеттіліктерге жұмсалған.
Бұдан бөлек, грант қаражатының жұмсалуы туралы есептер жобалардың нақты іске асырылғанын және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілгенін растамаған.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 18 млн теңге қайтару қамтамасыз етілді. Үш талап арыз бойынша прокуратура талаптары сотпен қанағаттандырылды, тағы 11 іс бойынша қаражатты қайтаруды көздейтін медиациялық келісімдер жасалды.