$447.52 €502.21 ₽5.41

Биыл Батыс Қазақстан облысында 375 шақырым жол жөнделді

11.11.2026ж. 19:00
Биыл Батыс Қазақстан облысында 375 шақырым жол жөнделді

Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысында 1500 шақырым жол жөнделген. Дегенмен, жергілікті жолдардың 40% талапқа сай емес. Тіпті жаңадан салынған жолдың өзінен 400-ден астам кемшілік анықталыпты. Төселген асфальттың үгітілгені аздай, қалыңдығы да талапқа сай болмай шыққан. Салдарынан республикада соңғы орында. Мамандар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Халықтық құрылыс» бастамасы осы кемшілікті реттейтініне сенім артып отыр.

МҰРАТ ЗАЛМҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл деген қомақты ақша бөлініп, облыста 375 шақырым жол жөнделді. Енді облыстық маңызы бар жолдарда соңғы үш жылда 100 миллиардтай ақша бөлініп, 784 шақырым жол салынды. Жоспар бойынша келесі жылдары 500 шақырымдай жергілікті жолдар салынады.

Бүгінде жолдың кепілдік мерзімі бес жылға ұзартылған. Сала мамандарының айтуынша, бұл өзгеріс мердігерлердің өз ісіне барынша жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. 

НҰРТІЛЕК ХАСЕНОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жол құрылысы материалдарының бірінші кезекте сапасына байланысты, сосын технологияны дұрыс сақтамаудың салдарынан болады. Әсіресе жолды тығыздайтын катоктардың жүрістерін белгіленген мөлшерде жүргізбеуі, асфальт-бетон қоспаларын зауыттан шыққан кездегі температуралық режимдердің сақталмауы, оларды тасымалдау кезіндегі өздерінің техникалық талаптарының сақталмауының салдарынан асфальтта осындай ақаулар пайда болады.