«Әділет» партиясының Жастар қанаты еліміздегі 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтитын «Вандализмге жол жоқ!» акциясын жалғастыруда. Мәселен, тараздық
белсенділер «Жеңіс» саябағына жиналып, тазалық жұмыстарына кірісті. Саябақ аумағын қоқыстан арылтып, майдангерлердің есімдері қашалған ескерткіш тақталарды тазалады. Тарихи нысандардағы орынсыз жазуларды да өшірді. Игі бастама Президенттің «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында жүзеге асты.
МАДИНА БЕКБОЛАТОВА, БЕЛСЕНДІ:
Іс-шара барысында майдангерлерге арналған ескерткіш тақталарды тазалап, айналасын ретке келтіруді қолға алдық. Негізгі мақсатымыз – тарихи орындарды күтіп-ұстау, ардагерлеріміздің өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
Игі бастама Каспий жағалауындағы Ақтауда да жалғасын тапты. Мұнда Жастар қанатының белсенділері мен еріктілер қоғам қайраткері Тобанияз Әлниязұлының ескерткіші мен оның айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылар табиғи әрі тарихи нысандарды қорғау ісіне жастардың белсенді атсалысуы азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал ететінін айтады.
НҰРДӘУЛЕТ СЕРІКҰЛЫ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Бүгін Маңғыстау облысында "Әділет" партиясының жастары "Вандализмге жол жоқ!" акциясын өткізуде. Акцияның негізгі мақсаты - еліміздің бірегей табиғи және тарихи нысандарын сақтау мәселелеріне қоғам назарын аудару, ластау мен бүлдірудің алдын алу. Сондай-ақ, жастар арасында туған жердің табиғатына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.