$444.3 €490.91 ₽5.41

221 келіден астам марихуана тәркіленді

14.11.2026ж. 12:27
221 келіден астам марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты екі дерек анықталды, деп хабарлайды Astana TV.

34 жастағы қала тұрғынының үйінің ауласынан өсімдік тектес зат салынған 12 қап табылды. Сараптама оның кептірілген марихуана екенін растады. Жалпы салмағы – 198 келі 16 грамм.

Сондай-ақ, 45 жастағы Орал тұрғынының пәтерінен тағы 23 келі марихуана тәркіленді.